
24 Тамыз, 2016
1647
Бейбітшілік пен жақсылықтың белгісі
Ағымдағы жылдың 23 тамызында Алматы облысының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті.
Ешбір ұлттың, ешбір халықтың ұлттық негізіне қарамастан бір шаңырақ астына біріктіруді көздеген игі іс-шараны «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі және қалалық ішкі саясат бөлімі бірігіп ұйымдастырды.
Шараның шымылдығын ашып, келелі істің мақсат-міндеттері мен маңыздылығын қатысушыларға түсіндірген Т.Қасымберкебаев өз сөзінде «Ақ орамал» акциясы барысында облыстың 38 елді мекенінде 57 шара өтіп, оған 28 500 адам қатысқанын айтты.
Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Яғни, әйел-ананың басындағы ақ орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.
Іс-шара барысында «Айналайын» балалар үйінің «Пана» театры ананың балаға деген мейірімін, пәктігін, бейбітшілікті қалайтын ақ ниетін, ақ орамалдың қадір-қасиетін баяндайтын «Ақ орамал құдыреті» атты сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынды.
«Ақ орамал» акциясының мақсаты қазақстандықтарды этностық шығу тегінің ерекшелігіне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болғандықтан акцияға облысымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері де қатысып, әннен шашу шашты.
Акция соңында Т.Қасымақынұлы мен облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Н. Баймадиева еңбекте ер атанған, медицина, ғылым, білім, мәдениет саласында еңбек етіп, қоғамға өз үлестерін қосып жүрген ардагер аналарға құрмет көрсетіп, ақ орамал жауып, сый-сияпат жасады.
Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығымен қатар келген бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін, қатысушыларға берер тәлімі мен келер ұрпаққа қалдырар өнегесі зор, шарапатты мол аталмыш іс-шара өте әсерлі өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ