Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Шілде, 2022

407

Бейбітшілік және Келісім маршы Атырауда

2022 -жылдың 21- шілдесінде Атырау халқы «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және Келісім маршының қатысушыларын қарсы алды. Марш қатысушыларымен «Аманат» партиясының мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті.

Шарада дінаралық келісімнің ғылыми тұжырымдамасы талқыланып, Қазақстан халқын патриоттық пен Отанға деген сүйіспеншілікке шақыру көзделді. Дөңгелек үстелдің модераторы Бейбітшілік және Келісім маршының атқарушы директоры Руслан Абдуллиннің айтуынша, марш саясат пен діни ұрансыз өтуде әрі мемлекеттік бюджетке салмақ салмайды. Халық өзі ұйымдастырып, өзі қаржылай қолдау көрсетіп отыр.


Қонақтар Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, әр экспонатты аса қызығушылықпен қарап шықты.

Кешке атыраулықтар марш аясында ұйымдастырылған авто және мотошеруге қатысты. Шеру әуежайдан бастау алып, орталық Сәтпаев даңғылымен облыстық әкімшілік ғимаратының алдына келді. Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда марш соңы үлкен концертке ұласты. Бағдарлама Атырау жастарының алаңға мемлекеттік туымызды көтеріп келуімен басталды. Ал, әскери оркестр Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.


Айта кетейік, халықаралық марш 3-маусым күні елордада басталды және 32 күнге жалғасып, Батумиде аяқталады. 4 мемлекет пен 17 қаланы қамтуды жоспарлаған шеру биыл 16-рет өтуде.



Кейін қарай