Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қыркүйек, 2023

382

Білім күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қымбатты оқушылар!

Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Алтың күздің алғашқы шуағымен, құшақ-құшақ гүлімен келіп жеткен бұл айтулы күн – балаларымызға арналған мереке екені сөзсіз.

Бүгін барлық оқу ордалары білім нәрімен сусындауға келген ертеңгі ел болашағы жас өрендерімізді есіктерін айқара ашып қарсы алуда.

Бұл күн, әсіресе, бірінші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Алғашқы қоңырау үнімен бірге, адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Ендеше, тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып өсіп-өркендеңіздер деймін.

Білім күнімен баршаңызды құттықтай отырып, оқушыларға - толағай табыс, ұстаздарға - мол қажыр-қайрат, ата-аналарға сенім мен шыдам тілеймін.

Әрдайым сәттілік серігіңізге айналып, ақ жол болсын!

ҚХА Төрағасының орынбасары –

Хатшылық меңгерушісі

Марат Әзілханов

Кейін қарай