Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Сәуір, 2021

5643

Бірлігі жарасқан ел – мәңгілік

Қонақжай қазақ халқы бүгінде жүзден астам этнос өкілдеріннің басын бір шаңырақ астына қосып отыр. Соған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылдың наурызында саяси бірлікті нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.


Айтулы ассамблея 365 мүше мен 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктер, 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінен тұрады. Ассамблея рухани-зияткерлік бағыттардың өміршең болуына зор ықпалдастық танытып келеді. Жаңа тарихи сананың қалыптасуына, оның өркендеу бағыттарын айқындауға сай келетін ортақ құндылықтар жүйесін орнықтыру жолында игілікті істер атқарып жүр. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды.

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше. Бұл мереке ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтастықты, бір-біріне деген құрмет пен татулықты, ауызбіршілікті нығайту мақсатында тойланады. Жалпыхалықтық мереке күні барлық ұлт өкілдері алаңға шығып, ән айтып, би билеп, дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетеді. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясат өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл. Осы аз ғана уақыт ішінде өзге мемлекеттермен тең тұрып, қарқынды дамудамыз.Бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар ортақ отанымыз Қазақстанның жарқын болашығы жолында бір кісідей жұмыла еңбек етуде. Қазақстан- біздің ортақ Отанымыз. Қазақтың кең жері кез келген жанды құшақ жая қарсы алуға дайын!

Манап Мадина,

Солтүстік Қазақстан облысы Ассамблеясы журналистер клубының мүшесі


Кейін қарай