
19 Қазан, 2022
86
«Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
Бүгін Республика күніне орай Қостанай облысы Алтынсарин ауданында орналасқан «Жайлау» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының үш күндік «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қоғамдық келісім» РММ болып табылады. Ашылу салтанатына «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары А.Т. Кемелев, Қостанай облысының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н. С. Рамазанова және «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т. Джумурбаев қатысты. Лагерь мәдени әртүрлілікті тану және Қазақстан халқы Ассамблеясының іргелі қағидаттарын жастар ортасына енгізу, ҚХА әлеуетін дамыту қағидаттарына негізделген достық байланыстарды нығайту және жастар қауымдастығын құру мақсатында еліміздің белсенді, талантты жастарын біріктіреді.
«Бірлік» жобасының бағдарламасы аясында күнделікті өмірде және әлеуметтік желілерде этносаралық шиеленістің алдын алу, еріктілік пен кәсіпкерлікті ұштастыру, қазақ тілінің рөлі, бірлік құндылықтарын түсіндіру және тұлғааралық коммуникацияларды орнату мәселелері бойынша мотивациялық кездесулер өткізілетін болады.

Қостанай облысындағы «Бірлік» ҚХА жастар жобасының негізгі месседжі - жастардың еріктілер акциясына қатысуы, лагерьдің екінші күні Әулиекөл ауданының орман алқаптарын қалпына келтіру үшін қылқан жапырақты көшеттерді отырғызу.
Жобаға Қазақстан жастары – этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ өңірлік штабтарының көшбасшылары мен мүшелері, Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде көмектескен еріктілер, ауыл жастары, республикалық және халықаралық жастар ұйымдарының өкілдері, сондай - ақ онлайн форматта - Өзбекстан мен Қырғызстан жастары қатысады. Жалпы 70 астам жастар қатысуда.
Ұқсас жаңалықтар
-
"Qogam Fest" жастар фестивалі
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз
-
Жастардың бастамалары басты назарда
-
Орталық Азия елдері VIII халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті
-
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» Қауымдастығы Мамед Бабаевтың 100 жылдығына орай Халықаралық конференция өткізді
-
Республика күніне орай «Джайляу» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті
2 Наурыз, 16:08
Түркістанда алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті
1 Наурыз, 15:58
Ассамблея мен Министрлік Алғыс айту күнінде достық телекөпірін өткізді
1 Наурыз, 18:51
Көкте Құдайға, жерде қазаққа алғыс айтамын – Асылы Осман
1 Наурыз, 19:06
ҚХА кафедралары Алғыс айту күнін атап өтті
3 Наурыз, 18:24
ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ БАС ҚОСТЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
"Qogam Fest" жастар фестивалі
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз
-
Жастардың бастамалары басты назарда
-
Орталық Азия елдері VIII халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті
-
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» Қауымдастығы Мамед Бабаевтың 100 жылдығына орай Халықаралық конференция өткізді
-
Республика күніне орай «Джайляу» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті