Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қыркүйек, 2021

351

Бірлік пен келісімнің жарқын үлгісі

29 қыркүйекте Түркістан облысына іссапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин облыстағы бірқатар аудандардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылында М.Әзілханов және Ғ.Шойкин Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының және Арыс қаласының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

М.Әзілханов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Ассамблея жұмысында үлкен өзгерістер болған жылмен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болып, оны басқару құқығын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру – этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет екеніне айрықша назар аударды.


Кездесуде этносаралық тұрақтылықты нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. «Бізге түрлі этностар өкілдерінің арасында қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, этносаралық өзара іс-қимылдың кең коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру бойынша нысаналы бірлескен жұмыс қажет», - деп атап өтті М.Әзілханов.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин мемлекеттік қызметшілердің жұмысына және олардың елдегі этносаралық тұрақтылықты нығайтудағы рөліне, мемлекеттік органдардың этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы жұмысын жетілдіру мәселелеріне, аталған жағдайға сапалы талдау және мониторинг жүргізу қажеттігіне, халықпен ауқымды ақпараттық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға назар аударды.

Кездесуде жастарды интеграция рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениеттер мен дәстүрлер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауға бейілділік таныту қажеттілігі атап өтілді. Бұл бағытта Ассамблеяның барлық құрылымдары, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, жастар ұйымдары этносаралық коммуникация алаңы ретінде жұмыс істеуі тиіс.

Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.


Облыста 11 этномәдени бірлестік (өзбек, славян, түрік, күрд, иран, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, әзербайжан, грек, «Ынтымақ» этносаралық этномәдени бірлестігі) бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

Қатысушылардың пікірі бойынша мұндай кездесулерді жиі ұйымдастрылуы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға септігін тигізеді.

Кейін қарай