
21 Қараша, 2016
987
«Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы»
2016 жылғы 19 қарашада Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылған «Алматы қаласы өзбек этномәдени орталығы» ҚБ құрылуының 10 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты салтанатты іс-шара болып өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары - Алматы қалалық ҚХАХ, Алматы қаласы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Алматы қаласындағы өзбек этномәдени орталығы, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі.
Іс-шараға қатысқандар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары; Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары; Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері; республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері; өңірлік өзбек этномәдени бірлестіктерінің мүшелері.
Іс-шараны ашып, жүргізген - Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш. Пулатов.
Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алматы қалалық этномәдени бірлестігін мерейтойымен ҚХА төрағасының орынбасары Халмурадов Р.С. құттықтады.
ҚХА төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н. жиналғандарды құттықтай отырып, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.Калашникованың құттықтау хатын оқып берді.
Алматы қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің алғашқы төрағасы Журакул Ходжанов аталған орталықтың құрылғаны, оның бастапқы қызметі, құрылуына атсалысқан адамдар туралы баяндады.
Этномәдени бірлестіктің мәдени өзгешелікті сақтауға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған қазіргі қызметі туралы Алматы қаласы өзбек орталығының төрағасы Абдулла Исматуллаев баяндады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Каратаев Ф.А., Алматы қаласындағы «Ахыска»түрік орталығы төрағасының орынбасары Касимов К.Т., Алматы қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Абдалиева М., Алматы қаласы ұйғыр орталығының төрағасы Ушуров А.А. сөз сөйледі.
Барлық сөз сөйлегендер өзбектердің Қазақстандағы ірі этностардың бірі ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени ортасына ықпалдасқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда өзбектер еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орнын алып, Қазақстан Республикасының толық құқылы азаматтары болып табылады.
Өзбек этносының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға және насихаттауға барлық жағдай жасалған. Өзбек театры қызмет көрсетіп, өзбек тілінде газет басылып шығарылады. Теледидар және радио арналарында өзбек тілінде хабар таратылады. Театр, газет, хабар тарату қызметі мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
Исматуллаев Абдулла басқарып отырған Алматы қалалық өзбек этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді қоғамдық бірлестігі болып табылады.
Салтанатты іс-шара аясында бірлестіктің ең белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі болып өтті.
Салтанатты іс-шара ұйымдастырушылары барша жиналған қауымды Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр мемлекеттік музыкалық комедия театрында болып өтетін «Отаным менің - Қазақстан» кітабының тұсаукесері мен Шымкент қаласындағы өзбек драма театрының «Қожанасыр Сайрамда» атты музыкалық комедия қойылымын тамашалауға шақырды.
Г. Дүкенова,
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі
жұмысын қамтамасыз ету қызметінің басшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ