Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2016

1055

Бірлікпен өткен сенбілік

                Қаладағы тазалық айлығына жастар мен этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік мекемелер белсенді атсалысты.  Кешегі өткен сенбілік Түпқараған аудандық Ақшұқыр ауылындағы «Қошқар Ата» зиярат ету кешенінің аумағында болды.   

                Киелі мекенді тазалауға «Қоғамдық келісім» КММ мен «Ақжол» демократиялық партиясы Жастар қанатының мүшелері, облыстық және қалалық жастар орталығы ресурсының белсенділері қатысты. Сондай-ақ «CRUZLogistics» ЖШС Батыс  Қазақстан аймағы филиалының директоры Вадодария Хитеш Чандра тазалық жұмыстарына арналған күрек, тырма, зембіл сияқты құралдармен қамтамасыз етті. Ата-баба қорымын тазалаған жастар, нәтижесінде үш көлік қоқыс шығарды.

                «Өлі риза болмай, тірі байымайды» - деген бар емес пе. Сондықтан да қала тазалығы айлығына қатысумен қоса, киелі орындарды қоқыстан арылтуды азаматтық міндетіміз деп білеміз. Сенбілікке араласып жатқан жастар таң атысымен осында қызу жұмыс жасап жатыр. Әруақтар риза болса болды. Шаһарымызды таза ұстайық, достар!– деді жастар белсендісі Анатолий Чебаков.

                Тазалық айлығы сәуір айының соңына дейін жалғасады. Сенбілік жұмысы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Қайырымдылық керуені» акция шеңберінде өтіп жатыр. Мұндай жұмыстар әлі де жалғасын табады. 

 

 

МО ӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай