Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2022

473

Бірлікті дәріптеген жиын

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жеке құрамының мен елордалық Ассамблеяның қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысына қалалық этномәдени орталықтарының өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Этномәдени бірлестіктердің құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шараларын өткізу игі дәстүрге айналды.

Аталған іс-шара елордалық ҚХА мен Қазақстан Республикасы ІІМ бірлескен ынтымақтастық жоспары аясында ұйымдастырылды.

Кездесу жас ұрпақтың бойында толеранттылықты қалыптастыру, көпэтносты қоғамда тәжірибе алмасу, азаматтардың бейбіт және қауіпсіз өмірін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.


«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біз елордадағы аса маңызды, стратегиялық маңызды объектілердің қауіпсіздігін, оларға азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етеміз. Біздің мекемеде бүгінгі таңда түрлі этностардың өкілдері жемісті жұмыс істеуде. Мемлекет жүргізіп отырған ұлттық саясаттың арқасында барлық ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Біз тату және ұйымшыл болуымыз керек», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының МКҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Рахметов.


Іс-шара барысында Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің генерал-майоры Владимир Шацков, «Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Оруч Алахвердиев, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА медиа-орталығының жетекшісі Равиль Валеев, қаланың МКҚБ полицейі, полиция кіші лейтенанты Александр Филатов, полиция аға сержанты Максим Голиков бірлескен қызметті одан әрі жалғастыру туралы пікірін айтып, Қазақстан халқының бірлігі күнінің қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Кейін қарай