30 Қараша, 2016
1599
Біртұтас тату отбасында
Халықтар арасындағы достық – бұл қазақстандықтардың ешбір қиындықтарға қарамастан сақтап қалған Тәуелсіз еліміздің басты игілігі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Родонеж» орыс қауымдастығының, «Айнұры» татар-башқұрт, «Вайнах» шешен-ингуш, «Архыз» қарашай-балқар этномәдени бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Жүсіп Баласағұн» атындағы орталық концерт залында достық мерекесіне айналған үлкен іс-шара өтті. Оған әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.
Бұл күні сахнада орыс, татар, шешен тілдерінде түрлі әндер мен халық билері орындалды. Олар Қазақстан жері мен еліне деген шексіз махаббатын, елімізде тұрып жатқан халықтар арасындағы достық пен келісімді шырқады.
- Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған алғашқы іс-шарамыз. Мұнда біз қазақстандықтардың басты игілігі - халықтар арасындағы достығымызды көрсеткіміз келді», - деп атап өтті «Родонеж» орыс қауымдастығының төрайымы Светлана Чаутина.
Достық мерекесінде көршілес Қырғызстаннан қонақтар келді. Бішкек қаласынан келген «Архыз» қарашай-балқар би ансамблі аязды күнді өздерінің кавказдық темпераментімен әсерлі биін орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл биден әсер алғаны соншалық, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамзан Магамадов та ансамбль бишілерімен билеп кетті. Залда отырған көрермендер қол соғып, қошеметке бөледі.
Мереке мәресіне жетті. Көрермендер де, қатысушылар да көтеріңкі көңіл күймен, мерекеден алған әсерлерімен бөлісті.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
-
ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА