Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қазан, 2016

1306

«Біз біргеміз» қайырымдылық фестивалі

2016 жылдың 10 қазан күні «Мұнайшы» спорт кешенінде Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Біз біргеміз!-Мы вместе!» атты мүгедектер арасындағы  өнер  және спорт  фестивалі  өтті.

Қайырымдылық іс-шараның мақсаты – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне көпшіліктің назарын аудару, қолдау көрсету,   олардың бейімделуіне жан – жақты жағдай жасау  және  олардың шексіз мүмкіндік иелері екенін елге дәлелдеу арқылы  мүмкіндіктерін насихаттау.

Іс шараға  Атырау облысындағы Қазақстан халық Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, облыстық  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаев және мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер; жергілікті мемлекеттік мекемелер, қала тұрғындары, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Фестивальға Атырау облысы этномәдени бірлектіктерінің мүмкіндігі шектеулі жандары, облыстық мүгедектер қоғамы және Орал қаласынан келген «Арба» тірек – қозғалыс жүйесі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі қатысты,  барлығы  70  адам.

Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Бірі ән айтып, би билесе, енді бірі өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, жасаған қолөнер бұйымдары бойынша көрме ұйымдастырылды. Оның ішінде оюланып тігілген киіз кілемдер, текеметтер, майлы бояу, акварельмен салған кескіндеме суреттері, моншақпен  кестелеп  тігілген  сувенирлері көрермендердің көңілінен шықты.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Ө.Аман-Турлина өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында бүгін облыс көлемінде  мүмкіндігі шектеулі  жандардың өнер және  спорт фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Биыл Олимпиада жылы, сондықтан да бүгінгі фестивальдың ерекшілігі де сол. Фестиваль бұрын тек қана өнер саласында өткізілсе, биыл спорт түрлері де еңгізілді. Іс-шарамыздың мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақты спортпен айналасуға, өнерді суюге үйрету, мықты адамдарды жастарға көрсету» - деді.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облысы филиалының бірінші орынбасары Н.Ожаев: «Биыл Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Бұл - зор қуыныш! Бұл-ұлы мереке! 25 жылда талай өзгерістер болды. Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің дамуына әр адамның, әр азаматтың және әрбір мүмкіндігі шектеулі жанның саналы үлесі бар екені сөзсіз. Ортақ Отанымызды  көркейтуге қашан да жанымызды, барымызды аямайық. Еліміздегі жарасымды тірлікті, достық пен бірлікті одан әрі нығайта берейік»- деп фестивальға қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Фестиваль бағдарламасы барысында  мүмкіндігі шектеулі жандар спорт түрлерінен өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Оның ішінде Орал қаласының «Арба» қоғамдық бірлестігінің және Атырау мүгедектер спорт клубының спорт шеберлері үстел теннисі бойынша, Пауэрлифтинг және Армрестлинг бойынша  спорттық  көріністерін  ел  назарына  ұсынды. 

«Шектеусіз таланттар» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған би мектебінің қатысушылары өз өнерлерімен көрермендерді бір желпіндіріп тастады.  Оның ішінде Астрахань қаласында өткен Халықаралық «Подари улыбку детям» фестивалінің жеңімпаздары – мүмкіндігі шектеулі жандар, Нұржан Бағытов, Данил Давыдов, Идаятов Данияр, Байғара Назгүл, Жұмабай Жұмағалиев, Асылай Ақберген, Бердіканова Гүлдарай және Орал қаласының «Арба» қоғамдық бірлесінің мүшелері, Сламбекова Алма, Әбишева Гүлжан, Батырова Айнагүл ән айтып,  билерін биледі.

Фестиваль барысында I – топтағы мүгедек, дарынды суретші, Халықаралық «Подари детям улыбку» атты фестивалдің I – орын иегері Бақыт Салиевтің және «Арба» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Имангалиева Айымгүл мен Жұмағалиева Айгүлдің өнер туындылары көрермендердің ойынан шықты.

Іс – шара соңында Иверия» этномәдени бірлестіктің төрағасы, Казақстан Республикасының меценаты Зураб Бобохидзе; «Тхоньил» этномәдени бірлестіктің төрайымы Людмила Ли, «Мүгедектер әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлбаршын Балқашқызы барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен медальдарды табыс етті.

Сонымен қатар, іс-шара аясында «Нұр Отан» партиясының Атырау облысы филиалының ұйымдастыруымен партияның үлкен залында  Орал қаласынан келген «Арба» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті. Оған «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Ө.Аман-Турлина, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шектеусіз таланттар» би мектебінің директоры Г.Байкенова, «Арба» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г. Батпакулова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер және мүгедектер бойынша бөлім басшысы С.Жеқсенғалиева  қатысып, алғыс хаттар тапсырылды.

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай