18 Маусым, 2016
1821
«Ботақан» лагеріндегі ұлттық және спорттық ойындар.
Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізудің тұжырымдамасына сәйкес, «Тиімді тілдік орта» демалыспен ұштастырылған атты қазақ тілін оқыту алаңдары, ұлттық және спорттық ойындар, байқаулар мен викториналар өтті. Балабақшалар, мектептер және жазғы демалыс лагерлерінде балалардың уақытын тиімді, көңілді өткізу мақсатында №10 жалпы білім беру орта мектебі жанынан ашылған «Ботақан» лагерінде қазақтың ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Аталған шараға «Ботақан» лагерінен 60-тан астам аралас ұлт өкілдерінің балалары қатыстырылды. Қазақтың ұлтық ойындарынан - асық, арқан тарту, тоғыз құмалақ, білек сынасу және т.б ойындар болды. Сайысқа «Тұлпар» және «Көкпар» топтары қатысып, нәтижесінде Көкпар тобы бірінші орынды иеленді.
Сонымен қатар балалардың білімділігін арттыру мақсатында қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеуге арналған викториналық сұрақтар қойылды.
Сондай-ақ шара барысында «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» РҚБ Ақтау қалалық филиалының төрайымы Маденова Раиса Ивановна балаларды құттықтап, оларға сыйлықтарын табыстап, естелік суретке түсті. Ойынға қатысқан балалардың барлығына МО «Қоғамдық келісім» КММ-сі тарапынан сыйлықтар таратылды. Шара соңында балаларға Армян этномәдени орталығының мүшесі кішкентай жас әнші Армен Саакян қазақша әдемі андерін шырқаса, «Нұр би» ансамблі армян ұлттық биін көпшілік назарына ұсынды. «Ботақан» лагерінің демалушы балалары мерекелік шараға белсене қатысып, ризашылығын білдіріп, көңілді күймен тарқасты.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы