
09 Қазан, 2017
935
Буинск татар сатира театры Көкшетау қаласына келді
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің шақыруы бойынша 2017 жылғы 6 қазан күні Көкшетау қаласының Мәдениет сарайында, облыстық орыс драма театрының сахнасында Татарстан Республикасының Буинск татар сатира театрының театрлық қойылымдары өткізілді.
«Буинск мемлекеттік драма театрының» қарқынды шығармашылық өмірі сонау 2007 жылы Татарстан Республикасының лайықты әртісі, көркемдік жетекші-директор Садриев Раиль Ильдаровичтің басшылығымен бастау алған. Сол кезден бастап қазіргі күнге дейін жас ұжымның 70-тен астам қойылымдары бар.
Бүгінгі таңда театрда Татарстан Республикасының әртістері Зарипов Азат Анасович, Муртазин Фирзар Султанович, сонымен қатар Муртазин Ильсур Султанович, Шарафутдинова Амина Касымовна жұмыс істейді. Жастардың ішінде: Гульзада Камартдинова, Булат Гараев, Ильфир Султанов, Наиля Имангулова, Гульназ Гизатуллина, Ильяс Киньягулов, Рима Хамидуллина, Ирек Гайнетдинов, Аниса Сагеева. Олардың барлығы өте талантты және халық олардың қатысуымен өткізілген қойылымдарды ілтипатпен қабылдайды.
Көкшетауда өткен қойылымдардың ішінде: татар тіліндегі «Кияүләр» музыкалық комедиясы, балаларға арналған «Доктор Айболит» қуыршақтар театры және жасөспірімдерге арналған «За розовым туманом» қойылымы болды.
Әр ғасырдың өз кемшіліктері бар. Нашақорлық пен жетім-жесірлік – біздің заманның дерттері. “За розовым туманом” қойылымы – тағдыр талқысына түскен жетім балалар туралы қойылым. Қойылымда көрсетілетін оқиғалар көпшілігіміз елемеуге тырысатын біздің күнделікті өмірімізді көрсетеді. Оны тамашалай отыра, көп нәрсеге толғаныспен қарауға болады: тастанды балалардың тағдыры мен өмірі туралы, қоғамның немқұрайлығы мен тағы көптеген мәселелер туралы. Дәл осылай осы театрдың әрбір қойылымы терең мағынаға толы. «Кияүләр» музыкалық комедиясының барлық көрермендердің көңілдерін көтергені рас.
Қойылым аяқталған кезде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақыпова Марал Қажыкенқызы және «Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сулькарнаев Рафаил Саитович театрдың режиссері мен әртістеріне естелік сыйлықтар табыстап, өздерінің шексіз алғысын білдіріп, Қазақстанның басқа қалаларында өткізуге жоспарланған гастрольде әрі қарай сәттілік тіледі.
Дата события ассамблеи: 09.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі басқармасының төрағасы Т.Каримовпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Д.Валеевпен кездесу өткізді
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі басқармасының төрағасы Т.Каримовпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Д.Валеевпен кездесу өткізді
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді