24 Мамыр, 2019
2938
БҰЛ КҮНІ - 24 МАМЫР
2005 ж.: Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау қаласында Абай алаңында өткен орта мектептер түлектерінің соңғы қоңырау салтанатына қатысты.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасына ресми сапармен аттанып, осы елдің астанасы Баку қаласында Президент И.Г.Алиевпен кездесті.
2006 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі №3593 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» №122, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» №123 жарлықтарына қол қойды.
2010 ж.: Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанда ресми сапармен жүрген Түркия Республикасының Президенті А.Гүлмен бірге түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласына барды.
Университет қабырғасында Мемлекет басшысы профессорлар мен оқытушылар құрамымен және жоғары оқу орнының студенттерімен кездесті.
Кездесуге келгендердің алдында сөз сөйлеген Н.Ә.Назарбаев: «Түркістан ерте заманнан бері өзіне жүктелген біріктіруші қызметін әлі күнге дейін сарқыған жоқ. Түркістан түркі тілді халықтарының басын бір арнаға тоғыстырып келеді. Түркия мен біздің қарым-қатынас бүгінде барлық бағыт бойынша дамып келеді. Түркістандағы кездесуіміз біздің болашақта бірігіп атқаратын ортақ ісіміз бен шешіміміздің іргетасы болмақ», - деп атап өтті.Кездесу барысында Түркия Республикасының президенті А.Гүлге осы жоғары оқу орнының құрметті профессоры дипломы берілді.
Осы құрметтен кейін сөз алған түрік көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа жоғары оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын айтып, түркі тілдес халықтар атынан символикалық билік скипетрін табыс етті.
Осыдан кейін екі ел басшылары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті А.Гүлмен Астана қаласына аттанды.
2012 ж.: Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің (Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі) бас хатшысы Х.Акынджыны қабылдады. Ол 2011 жылғы 21 қазанда Алматы қаласында өткен Түркі кеңесі І отырысының шешімін іске асыру қорытындылары, сондай-ақ 2012 жылғы 23 тамызда Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өтетін Кеңестің ІІ отырысына әзірлік барысы туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы өзінің астаналық «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға V Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Нобель сыйлығының лауреаттарымен жұмыс бабындағы таңғы асын өткізді.
Кездесуге Р.Манделл, Э.Прескотт, Д.Нэш, Э.Маскин, Р.Ауманн, Ф.Кидланд, К.Писсаридес, М.Гелл-Манн, А.Цонат, Р.Робертс және К.Муллис қатысты.
Н.Ә.Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарына Астана экономикалық форумын өткізу идеясына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен аттанды.
Президент инновациялық индустриялық жобалар көрмесіне барып, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС және «Еурохим тыңайтқыш» ЖШС қызметімен танысты.
2014 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Албания Республикасының Премьер-министрі Э.Рамуды қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2013 жылғы есебін бекіту туралы» №822 Жарлығына қол қойды.
Дереккөз: Akorda.kz
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 23 МАМЫР
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 5 ЖЫЛ
АҚТАУДА «ШЕВЧЕНКО КЕЗДЕСУЛЕРІ» ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті