Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Маусым, 2015

919

Чхинсон достықты білдіреді

«Чхинсон» корей халық  ансамблінің құрылғанына  20 жыл. Ансамбль ұжымының мерейтойын өткізуіне орай мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының өкілдері, «Қоғамдық келісім» басшылығы, ҚХА облыстық хатшылығының және облыстық Достық үйінің өкілдері құттықтап, құрмет көрсетті.

«Чхинсон» корей халық  ансамблінің құрылғанына  20 жыл.

Ансамбль ұжымының мерейтойын өткізуіне орай мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының өкілдері, «Қоғамдық келісім» басшылығы, ҚХА облыстық хатшылығының және облыстық Достық үйінің өкілдері құттықтап, құрмет көрсетті.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан кәрістері қауымдастығы этномәдени бірлестіктердің ішінде алғашқылардың бірі болып табылады.

Іс-шара ансамбльдің кұрылуы жолындағы қиындықтар туралы фильмді көрсетуден басталды. Фильмде  Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтөбе филиалының басшысы Константин Цхай, «Чхинсон» ансамблінің  көркемдік жетекшісі Галина Ажгалиева және сол кездердегі Ақтөбе облысының ҚХА хатшысы Хабиба Сарқұлова ансамбльдің қалыптасуы туралы баяндады.

- Ол кезде костюмдердің түстері әртүрлі,кәріс биінің  ең басты атрибутының бірі – желпуіш сызғыштардан  жасалған  болатын,– деп еске алады Галина Леонидовна. - Кейіннен, тәжірибе жинақтап, кәріс халқының хореографиясындағы ерекшеліктерді біртіндеп үйрене бастаған кезімізде биіміз де жөнделе бастады.   Бүгін, ансамбльдің жасқа қарай бөлінген  үш тобына (кіші, орта және үлкен)  шамамен отыз бала қатысады, кейбіреулері осы ансамбльмен бірге өсті.

- Бүгінгі күндері менің қызым да ансамбльге қатысып жүр -  деп мойындады «Чхинсон» ансамбльнің  жетекші  бишісі Әсел Жетенова. - Ансамбльді ҚХА-ның бет-бейнесі деуге болады.

Қатысушылардың көпшілігі кәрістер емес, бірақ мәдени құндылықтарды насихаттау ісі дұрыс жолға қойылғандықтан, этнос өкілдері  ансамбльге қызығушылықпен қатысуда.

Вокалистердің халықаралық байқауларыеың жеңімпазы Ангелина Югайдың ансамбльдегі орны ерекше.

Облыстық филармонияның әншісі ретінде ол «Чхинсон» ансамблінің белсенді мүшесі ғана емес, сонымен қатар «Ариран» вокалдық тобының басшысы.

Ансамбльдің ішінде  «Сомульнори» тобы бар, олар кәрістердің  дәстүрлі  барабандарында ойнайды, ол барабандардың өзіндік ерекшелігі мол.  

Олардың концерттік қойылымдары сөзбен айтып жеткізе алмайтын құбылыс.

Кәрістердің ЭМБ жұмысы және «Чхинсон» туралы айта келе, Константин Цхай шетелдік диаспораларды қолдау қорына (Оңтүстік Корея)  және Седжон королі институтының Ақтөбе қаласындандағы волонтерлері Сара Ким мен Сон Шимонға өңірімізде кәріс мәдениетін насихаттауда түрліше көмек көрсетіп, қолдағандары үшін ерекше алғыс білдірді.

Татьяна ВИНОГРАДОВА

«Актюбинский вестник» 26 маусым 2015 ж. №80-81

Кейін қарай