
26 Ақпан, 2016
1269
Дұрыс тамақтану – ұлт саулығы
24 ақпанда Астанада елордалық «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қолдауымен «Дұрыс тамақтану комбинаты» атты жаңа жобаның таныстырылымы өтті. Жоба аясында «Food Express Air» кейтерингтік компаниясы ұсынған калориясы төмен тағамдар даярланады. Дұрыс тамақтану идеясы елорда тұрғындарының дұрыс тамақтануға және салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысынан туындап отыр.
«Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (компания директоры) Наталья Михайловна Рудойдың айтуынша, Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев айтқан салауатты ұлт қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, яғни спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану қажет. «Дұрыс тамақтану – біздің өміріміздің негізі. Бүгінгі таңда қаламызда жылдам тамақтану мейрамханалары қаптап кетті. Дұрыс тамақтанбау, калориясы жоғары тағамдарды тұтыну - семіздік дертіне әкеп соқтыратыны бәрімізге де белгілі. Тіпті, балалрымызға шейін семіздік дертіне шалдығып жатыр. Бұл біздің қоғамымыз үшін өте қауіпті. Тамақтану саласындағы елу жылдық еңбек өтілім мені дұрыс тамақтану мәселесімен айналысып, өзімнің және жақындарымның денсаулығын күтуге себеп болды. Болашақта балаларға арналған дұрыс тамақтану кешенін жасап шығаруды жоспарлап отырмыз. Өйткені оның да өзіндік ерекшеліктері бар», - дейді Н.Рудой.
Айта кету керек, тағамдарды әзірлеу барысында компания сапа белгісімен белгіленген отандық өнімдердің мол үлесін пайдаланады. Компанияда жоғары білікті, тәжірибелі аспаздар жұмыс жасайды. Олар заманауи тағам өнеркәсібіндегі жаңа тамақ рецептілеріне қатысты оқу курстарына жиі қатысып тұрады. Мәзірдегі тағамдар тәуліктік энергетикалық құндылықты, ақуыз, май және көмірсу теңгерімін, пайдалы заттар мен дәрумендердің болуын және дайындау технологиясын есепке ала отырып жасалды. Калориясы төмен тағамдар мәзірінің тәуліктік энергетикалық құндылығы небәрі 1200 килокалорияны құрайды. Мысалы, бір күннің мәзірі: таңғы астан (суға піскен сұлы жармасының ботқасы, бал, алма, қантсыз көк шай), екінші таңғы астан (майлылығы 1,5% болатын табиғи йогрут), түскі астан (қырыққабаттан жасалған жеңіл борщ, буға піскен балық, күріш, қарабидай наны, алма компоты), бесіндіктен және кешкі астан (грейпфрут, суға пісірілген сиыр еті, қияр мен қызанақтан жасалған тұзсыз, майсыз салаттан) тұрады және адам басына шаққандағы бағасы да ойға қонымды.
Украин этносының өкілдері қолға алып отырған бұл жоба – Республикамызда барлық этникалық топтар үшін жан-жақты дамуға, олардың ана тілі мен мәдениетін дамытуға, білім алуына және өз бизнесін бастауға тең мүмкіндіктер берілгенінің, Қазақстанда өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасалғанының айқын көрінісі.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:
тел. +7707-310-53-54
WhatsApp - 7707-310-53-54
E-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді