
29 Наурыз, 2016
947
Дарындарға бай Айыртау жері
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Процветай и живи, Казахстан мой родной, в единении, дружбе и мире!» ұранымен өткен көркемөнерпаздар мен аудан педагогикалық ұжымдарының шығармашылық байқауы Айыртау ауданында өтті.
Арықбалық ауылдық мәдениет үйінде таңертеңнен мерекелік көңіл-күй орнаған. Арықбалықтықтар қазылар алқасы алдына 38 концерттік нөмірді паш етті. Шығармашылық марафонға жаңа ғана үш жасқа толған ауылдық округтің жас өкілдерінен бастап аға буын қауымына дейін қатысты. Қатысушылар арасында зейнеткерлер, пеш жағушылар, үй шаруасындағы әйелдер мен қарапайым жұмысшылар да, селолық округ әкімі аппаратының және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері де бар. Арықбалық ауылдық мәдениет үйі байқауы әрдайым өнерпаздардың көптігімен, алуан жанрлығымен және сапалы таңдалған репертуарымен ерекшеленеді. Осы жылы да осы бағыттан аумаған. Әр концерттік нөмір тақырыптық слайдтарды көрсетумен сүйемелденген. 100 адам (хордың өзіне 54 арықбалықтық ән айтады) қатысқан шығармашылық үдеріске селолық мәдениет үйінің директоры С.П. Назарова жетекшілік етті.
Көркемөнерпаздар байқауында селолық мәдениет үйінің хор ұжымы да өнерін көрсетті. Жеке орындаушылар Светлана Кобзенко, Сандуғаш Абдульманова, Нағия Қалжанова, Александр Калашников, Наталья Павлова, Татьяна Ковбасенко, Нина Елинская, Светлана Журина, апалы-сіңлілі Письменная және Трошиналар отбасы триосының әдемі тембрлі дауыстары құлақтан кіріп, бойды алды. «Вдохновение», «Ару - аналар», «Лейся, песня», «Боярыня» вокалдық топтарындағы, жастар және ерлер квартетіндегі орындаушылардың жағымды дауыстары да көңілге қонды, сахна костюмдерінің алуан түрлілігі әр әртістің даралығын білдірді және толықтырды.
Би өнері назардан тыс қалмады. Селолық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлмира Сейлханова «Ритм» би тобына балғындарды да, ересектерді де тартқан. Ең кішкентай әртістердің өзі шығармашылық үдеріске жақсы ілесіп, сахнада өздерін жақсы ұстап, жүзімізге қуаныш сыйлады. Қазақ, өзбек, египет, заманауи, үнді, чечен билері және басқа да билерге көрермендер аянбай қол соқты, қазылар алқасы мүшелері олардың өнерлерін жоғары бағалады.
Өз өңірі үшін жанын қиятын ауылдық округтің бастамашыл тұрғындарының арқасында (іс-шараға «Горный» кентінің өкілдері де қатысты) іс-шара керемет өтті.
Түстен кейін қазылар алқасы мүшелерін Имантау ауылының тұрғындары қарсы алды. Шығаршылық есеп Имантау орта мектебінде болды. Көрші Арықбалық тұрғындарынан қалыспай, мұнда да концерттік бағдарлама би нөмірлерімен толықты. «Весна», «Небеса», «Город детства», «Сарыжайлау» және басқа композицияларды Айгүл Әлжанова, Татьяна Курочкина, Ирина Григорьева және Майгүл Назарова дайындап, режиссерлік етті. Резеда Сабитова және Рашид Максютовтың, Бағила Қанатова, Роксана Калиева, Юрий Савенков, Тамара Злобина, Құралай Абиева және басқа орындаушылардың өнері жоғары бағаға ие болды.
Өзінің сүйкімділігімен және сахналық шеберлігімен казак вокалдық топ мүшелері осы жолы да қуантты. Кіші балалардың вокалдық топтары аға буыннан қалыспай өнер көрсетті. Қателіктер жібергенімен, олар табиғи сүйкімділігімен жанды жаулап, көңілге шаттық сыйлады.
Наталия Еременко
«СҚО әкімі аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ