Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2022

877

Дихан Қамзабек: Өзгерісті өзімізден бастау керек

Дихан Қамзабекұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры:

— Жаңа Қазақстанның іргетасын құру үшін ел бірлігі мен мемлекетшілдік маңызды. 16 наурыздағы жолдауыңызда мемлекеттік мүдде жолында этностардың ұйысуын ауқымды өзгерістер ретіндегі фактор ретінде баяндадыңыз. Жаңа Қазақстанның мәні де осында. Біріншіден ел қауіпсіздігін қанағаттандыратын, екіншіден әлеуеттік бастамаларды қолдайтын кешенді қайта құрылымдау. Зиялы қауым, білім мен ғылым мамандары осы бастамаларды қолдауға даяр деп есептеймін. Өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Халқымызда "Жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген шын батыр" деген сөз бар. Өзін жеңу деген ол еңбекпен береке бірлікпен келеді. Сондықтан да халқымыз бұл сөздің мағынасын ерекше түсінеді. Бізде жоспарланған Ұлттық Құрылтай парасатты пікірлерді ортаға салатын тамаша алаң болады деп есептеймін. Енді ұлттық ұйысуға байланысты бірнеше қағидатты айтқым келеді. Біріншіден елдік пен мемлекетшілдік. Екінші қағидат қоғамның жоғары мәдениеті. Ұлттардың, этностардың ойларын тану біз үшін қашанда маңызды. Біздің бірлігіміз парасатты ғұламалар арқылы беріледі. Үшінші қағидат қоғамда еңбектің құндылығы. Бұл да маңызды. Сондықтан білім саласының маманы ретінде ұсыныс айтқым келеді. Ең бірінші қоғамда жауапкершілік иммунитетін қалыптастыруымыз керек. Бұл білім саласының негізгі парқы десек те болады. Екінші этностардың санын жарнамалап айту маңызды емес, Қазақстан біртұтас деп айту маңызды. Бізде ешқандай ұлтына, нәсіліне қарап бөлінбейді. Бізде барлығы бірлікте деп айту маңызды. Одан кейінгі айтатын нәрсе еңбектің қадірін білуіміз керек. Төртінші елшіл ата-ана қалыптастыру. Бұл мәселе бәрімізді ойландырады деп ойлаймын.

Кейін қарай