Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2023

299

Оралда республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктеріне арналған семинар-тренинг бастауын алды

Ағымдағы жылдың 22 маусымында Орал қаласында республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Оның барысында "Коммуникацияның заманауи технологиялары" және "Этномәдени ортада коммуникацияның тиімді стратегиялары мен тактикалары" талқылануда.

Игі бастама Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтуде.

Аталған іс-шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, БҚО Қоғамдық даму басқармасы мен БҚО ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау қалаларынан қонақтар мен лекторлар және БАҚ өкілдері қатысуда.

Семинар-тренинг екі күнге жалғасады.

Кейін қарай