
11 Тамыз, 2017
1220
«Дінаралық дауларды реттеу саласындағы медиация» «Еңбек дауларын реттеу саласындағы медиация тәжірибесі» тақырыптарында семинар тренингтері
2017 жылдың 7,8,9, тамыз аралығында Достық үйінде Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Дінаралық дауларды реттеу саласындағы медиация» және «Еңбек дауларын реттеу саласындағы медиация тәжірибесі» тақырыптарында семинар тренингтерін өткізді.
Атаулы семинарды «Парасат» медиация және құқық орталығының директоры, кәсіби сертификатталған медиатор, тарих ғылымының кандидаты, доцент, ҚХА – ның медиация кеңесі төрағасының орынбасары Г.А.Урозбаева жүргізді.
Семинардың мақсаты: Дауды шешуде медиация арқылы екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу.
7 тамыз күні өткен «Дінаралық қатынастарды реттеу саласындағы медиация» тақырыбы бойынша семинарға дін саласының мамандары мен теологтары, селолық округтердегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Діни ахуал бойынша Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың 20 сәуірінде 3679 діни ұйымдар тіркелген.
Дінаралық, отбасылық, қақтығыстар, қандай деген сұраққа? Қазіргі заманда өте өзекті мәселе болып табылатын дін жөніндегі ағымдар арасындағы жастардың адасуы, отбасылық келіспеушіліктер дауларын қалай шешу керектігін және реттеу жолдарын дәріскер үйретті. Көбінесе имамдардың жалпы тәртібіне бағынбау, өз дінін жоғары ұстау,т.б. Семинарға қатысушылар «Қоғамдық келісім» КММ аудандық сарапшылары өз пікірлерімен бөлісті. Мақат ауданынаның сарапшысы Ж.Барлыбаеваның пікірінше, осындай семинарлардың пайдасы зор. Себебі аудандарымызда отбасылық, жасөспірімдер арасындағы діни аралық дауларға түсінбеушіліктер жиі кездеседі және осының салдарынан жанжалдар туындалып, адамдар арасында бір біріне деген сенім жоюы мүмкін деп өз пікірін ортаға салды.
Дінаралық қақтығыстарды тұтастай алғанда, осы дауларды медиация көмегімен шешуге болады деді-, ҚХА – ның медиация кеңесі төрағасының орынбасары Г.А.Урозбаева .
Облыстық "Иманғали" мешітінің бас имамы Мұрат Мұстафа түрлі қақтығыс жағдайларды қарастыру өте маңызды және екі жақты тыңдап, түсіну керек екенін атап өтті.
Қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы К.Қосыбаевтың пікірінше, осындай семинарлар неғұрлым көп өткізіліп тұрса, қандайда болмасын дауларды оңды шешуге көмегін тигізетіні сөзсіз деді.
Бір күндік семинардың аяқталу барысында барлық қатысушылар сертификаттар алды.
8 -9 тамыз күнгі өткен «Еңбек дауларын реттеу саласындағы медиация тәжірибесі» тақырыбындағы семинар тренингке Этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, сарапшылар, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мамандарымен қоса «Юлмар-Сервис» ЖШС-і, «DOS Support» ЖШС-нің инженерлері, «Компания NCOC», «КазТрансКом», «ТШО», «АО ТЭЦ» компанияларының кадр бөлімінің мамандары, заңгерлері қатысты.
Қолданыстағы «Еңбек Кодексі» және басқа да заңнамалық құжаттар, қатысушылар арасында кеңінен талқыланды, семинарға қатысқан топтың жас айырмашылығына қарамастан пікір- таластыра отырып, білгендерін жаңғыртты, көп ақпарат алып тәжірибе алмасты, Еңбек дауларын болдырмау, медиацияны өмірде кеңінен пайдалану керектігін семинар тренингте түсіндірілді, қатысушыларға көптеген пайдалы ақпараттар беріліп, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды.
Екі күнге созылған семинардың нәтижесі кезінде Семинар тақырыптарына шағын сауалнама жүргізіліп және тәжірибе түрінде залға шығып қатысушылар өз ойларын жеткізді, қатысушылардың қолдаумен Семинарға белсенділік танытқан адамдарға мекеме атынан сыйлықтар табыс етілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға Медиация және құқық орталығының сертификаты тапсырылды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 15.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ