
25 Желтоқсан, 2023
356
«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ
Тараз қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаеваның қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Жиын барысында Мубарак Қасымқызы этностар тығыз орналасқан елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарымен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына негізделген «Достық керуені» жобасы бойынша мағлұматтармен бөлісті.
Жалпы Жамбыл облысында бүгінгі күні 84 этнос өкілдері мен 75 этномәдени бірлестік бар. Олардың ынтымағы мен бірегейлігін сақтау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі қыркүйек айында басталған өңірлік ҚХА «Достық керуені» жобасы. Жоба Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай, Талас, Сарысу, Байзақ, Жуалы аудандарын қамтыған. Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің 560 адамның қатысуымен 16 отырысы өткізілсе, жас суретшілер байқауында 130 бала шығармашылығын таныстырды, «Өнерім саған Қазақстан» фестивалінің іріктеу кезендеріне 100-ден аса үміткерлер өнерлерін көрсеткен. Ассамблея жастарының аудан жастарымен «PRO ANK» тақырыбында 18 кездесуі мен мектеп оқушыларына арналған «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты тимбилдингіне 900 адам қатысқан.
«Достық керуені» жобасы аясында «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің сарапшылары Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандары мен елді-мекендерінді 394 респонденттерді қамти отырып, фокус-топтық зерттеулер мен сауалнамалар жүргізген.
Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестерінің отырыстарда этносаралық қатынасты нығайту, араздық тілін болдырмау, тұрмыстық кикілжіңдердің алдын алу, радикалды діни ағымдардың ықпалына ермеу, оқушылардың бірыңғай мектеп формасын киюін сақтау, отбасылық тәрбие, нәсілдік, тілдік, этносаралық алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу жөнінде түрлі мәселелер төңірегінде ақпараттық -түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілген.
Брифинг соңында М.Жинақбаева БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға да жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ