
20 Мамыр, 2016
896
Достықтың балалық қайнары
19 мамыр күні Тобыл ауылында «Достық қайнары» атты аудандық бірінші балалар фестивалі өтті, оған Таран ауданының ауылдық округтерінен 3-11 жас аралығындағы 120 бала келіп қатысты.
Фестиваль Таран ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы, «Балдырған» балабақшасының директоры Ирина Сероустың ықыласы бойынша ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.Ж.Құдайқұлова, ОҚХА облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Р.Г.Гайсенова, «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Р.Н. Завгородняя, Таран ауданы мемлекеттік органдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жергілікті тұрғындар, ақсақалдар қатысты.
Фестивальге түрлі этнос орталықтарының – қазақ, орыс, украйн, белорус, неміс, кавказ қауымдарыгың балалары қатысты. Олар түрлі костюмде дефиле көрсетті. Сондай-ақ кішкентай әртістер өз этносының тілдерінде би билеп, достық туралы өлеңдер оқып және ән айтып берді.
Мәдениет үйінің залы толы болды және балалардың сахнадағы қойылымдары ду қол шапалақтаумен өтіп жатты. Фестиваль соңында Қазақстанның көп ұлтты халқының достығы туралы өлең айтылды. Бейбітшілік және достықта тұрып жатқан 100-ден астам этнос үшін ортақ үйді бейнелейтін шаңырақты жоғары көтеру рәсімі өтті.
Барлық қатысушыларға демеушілердің атынан жұмсақ ойыншықтар және тәтті сыйлықтары табыс етілді.
Осындай фестиваль өңірде бірінші рет өткізілді және оның өсіп келе жатқан ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар. Сондай-ақ Тобылдағы «Балдырған» балабақшасы базасында шағын Ассамблея құруға шешім қабылданды.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті
-
«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті
-
Ресей және Қазақстан – мәңгілік достықтың екі қанаты
-
«Сабантой» - достықтың мерекесі
-
Сабантой - еңбек пен достықтың мерекесі
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті
-
«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті
-
Ресей және Қазақстан – мәңгілік достықтың екі қанаты
-
«Сабантой» - достықтың мерекесі
-
Сабантой - еңбек пен достықтың мерекесі