Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2023

224

ЕҢБЕК КҮНІМЕН!

Барша отандастарымызды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл өте маңызды және қажетті мейрам, еңбек ету, білгеніңді бөлісу, жаңа нәрсе жасап шығару арқылы ғана біз алға жылжи аламыз.

Еңбек бәрін жеңбек демекші, әр адам өзі оқып еңбек етіп, бар маңдай терін төксе ғана жұмысының жемісін көре алады.

Еңбек адам өмірінде жұмыспен қоса, оның және отбасының қаржылық әл-ауқатын, рухани құндылықтарын, әлеуметтік жағдайын және т.б. қажетті дүниелерін қамтып өтетін басты әрекет.

Әрине, әр адам өзінің, отбасының, қоғамның, елдің және әлемнің игілігі үшін бар күш-жігерін салып еңбек етері сөзсіз.

Демек, әрбір қазақстандық кәсіпорынның тұрақты және табысты дамуы Отанымыздың өркендеуі мен нығаюының кепілі.

Сіздерге зор денсаулық, игiлiктi iстерiңiзге шыдамдылық пен табандылық, жаңа еңбек жетiстiктерiн, амандық пен ашық аспан тiлеймiз.

Қазақ елінің әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын дейміз!

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

Кейін қарай