Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2016

866

Еңбек әулеттерін ұлықтау

Бүкіл Қазақстан бойынша өткен ірі ауқымды мерекелер арасында  отбасылық мерекелер де ескерусіз қалмады.

9 қыркүйек күні «Жастар» саябағында, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек әулеттері – ел мақтанышы» атты жарқын да әсерлі концерт дайындалып, оған мақтанышпен ұрпақтан ұрпаққа еңбек эстафетасын таратушы отбасылар шақырылды.

Мысалы, теміржолшылар әулетінің негізін қалаушы Қазиев Жұмағали кәсібінде 28 жыл еңбек атқарыпты. Онын ізін  үш ұлы мен үш қызы, қазірде немерелері жалғастыруда. «Қазақстан теміржолы» кәсіпорынының туын мақтанышпен көтеріп келе жатқан туыстарының жалпы саны – 20 адам! Олардың жалпы еңбек өтілі 555 жылды құрайды.

Бұдан өзге, оқытушылар әулеті – Прищепщиктер отбасын, дәрігерлер әулеті – Югай отбасын, ландшафтық дизайнерлер әулеті – Бочаговтар отбасын және Достық үйінің әулеті – Ракишевтер отбасын ұлықтады.

Достық үйінің шығармашылық ұжымдары, сондай – ақ, арнайы шақырылған қонағы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тек біздің қаламызда ғана емес, Қазақстан шекарасынан тыс  жерлерінде де танымал Олег Вуккерт «Как молоды мы были» және «Земной поклон вам, доктора!» атты әнін орындап, барша еңбек әулеттері мен мереке қонақтарын құттықтады.

Достық үйі атынан, директордың орынбасары О.Б Доценко еңбек әулеттеріне жылы лебізін жеткізіп, алғыс ретінде ақшалай сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады. 

Кейін қарай