Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қазан, 2023

194

ЕЛ МЕЦЕНАТТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН «ЖОМАРТ ЖАН» ҚХА ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласының Оқушылар сарайында Республика күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті.

Іс-шара көпшіліктің назарын аударып, әртүрлі салалардағы маңызды қатысушылар мен көшбасшыларды жинады.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары ─ Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, республикалық және өңірлік мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, меценаттар, сондай-ақ психологтар мен педагог-зерттеушілер қатысты.


Іс-шараның маңызды бөлігі қатысушыларды қайырымдылық саласына қосқан үлесі және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапаттау болды.

Өз сөзінде М. Әзілханов ағымдағы жылы «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясы 250 мыңнан астам қазақстандыққа жалпы сомасы 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек көрсеткенін атап өтті. Сонымен, «Мектепке жол!» акциясы аясында балаларға оқу жылына дайындалуға 153 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетілген болатын.


Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 47 миллион теңге көлемінде көмек жолдады.

Форум меценаттардың назарын аударып олардын бизнес әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

Ассамблеяның қайырымдылық қызметі жалпыұлттық сипатқа ие болып, көмекке мұқтаж әрбір адам мемлекеттің тұрақты қамқорлығын сезіне алатын инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысты көрсетеді.


Сонымен қатар, іс-шараның дөңгелек үстелінде мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеудің негізгі құралы ретінде инклюзивті білім беру тақырыбы талқыланды.

Сарапшылар инклюзивті және арнайы білім берудегі тәжірибелік кейстер мен инновациялық әдістемелерді ұсынды, ымдау тілін қолдану, көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, форум Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан үлкен сахнада өнер көрсетуге келген ерекше қажеттіліктері бар балалардың қойылымдары ұсынылды.







Кейін қарай