04 Маусым, 2015
1145
«Елдің айбары – Мемлекеттік рәміздер»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Қарағанды қаласында кеңінен аталып өтті. 4 маусым күні 11.00 сағатта қаланың орталық мәдениет және демалыс паркіне жиналған адамдар саны көп болды. Мұнда қала тұрғындары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, этно-мәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері жиналды. Алдымен 25 машинадан тұратын мемлекеттік көк туды жілдіретіп, қала көшелерін аралаған автошеру болып өтті. Олар Кеншілер мәдениет сарайының алдына тоқтап, туларды паркке алып кірді. Одан әрі ту ұстағын жастар шеруі жалғасын тапты. Саябақтың орталық сахнасына шеруді қабылдау үшін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков көтерілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздірі күніне арналған митинг ашық деп жарияланды. Сөз кезегі облыс әкіміне берілді.
- Баршамыз үшін Мемлекеттік рәміздер күні патриотизм мен ұлт бірлігі көрініс тапқан мереке ретінде маңызды, - деп атап өтті аймақ басшысы. – Осы дәстүрді біз өз ұрпағымыздың бойына сіңіругеміндеттіміз. Себебі, мемлекеттік рәміздер – ұрпаққа мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Біздің еліміздің рәміздері өткен тарихымызды, мәдени мұраларымызды, кемел келешекке деген ұмтылысымызды көрсетіп, ұлттық намысымызды айғақтайды. Азаматтардың рәміздерге деген көзқарасына қарап, олардың өз еліне деген сүйіспеншілігін, оның келешекке деген сенімін анықтауға болады. Сондықтан, қазақстандықтардың бойында, бірінші кезекте, жастардың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру – басты саяси міндеттердің бірі болып табылады, - дей келіп облыс әкімі жиналған жұртшылықты осы мерекемен құттықтады.
Митингіде Ұлы Отан соғысының ардагері Серафима Пономарева сөз сөйлеп, жастарды Отанымызды сүйіп, патриот болуға шақырды. Одан кейін сөз алған облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Виталий Хмелевский биыл Президенттің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланғанын айта келіп, еліміздегі ұлтаралық татулықтың жарқын көрінісі екенін паш етті. Жас ұрпақ атынан жастардың өзін-өзі басқару органдары қауымдастығының мүшелері Гүлдана Қабдрашева мен Әліби Қарамурзин сөз алды.
Митингінің соңы Қарағанды қаласының кәсіби әншілері қатысқан үлкен концертке ұласып, патриоттық әндер шырқалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
сегодня, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»