Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қазан, 2016

3400

«Елім менің» автокеруені

Ағымдағы жылдың 11-14 қазан аралығына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған «Елім менің» автокеруенін ұйымдастырды.  Автокеруен аясында Кербұлақ, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында форум өткізілу жоспарланған. 

11 қазан күні Талдықорғаннан жолға шыққан делегеттар Сарыөзек кентіндегі Ә.Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінде «Қазақстанға ыстық ықыласпен», «Атажұртты аңсау» тақырыбында форумға қатысты.

Этносаралық келісімді нығайту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, бірлікке шақыру мақсатында өткен іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени орталықтардың белсенділері, облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығы, Аналар кеңесі, Кербұлақ, Ескелді, Көксу аудандары мен Қапшағай қаласының қоғам қайраткерлері қатысты.

Форум барысында Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Момбаев, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы С.Гаитова, «Бірлік» жастар қауымдастығының төрағасы Н.Белик, орыс этномәдени орталығының мүшесі К.Нестеров, Сарқан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы К.Калиева, Кербұлақ ауданынан Қонаев атындағы орта мектеп мұғалімі Б.Өзгеріс  сөз сөйледі.

Форум аясында облысымыздың өсіп-өркендеуіне әр салада өзіндік үлестерін қосып жүрген қандастарымызға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды.

Іс-шара соңында Облыстық Ассамблеяның өнепаздарының қатысуымен өткен мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

Кейін қарай