Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Желтоқсан, 2019

1337

Елордада 100-ге жуық бүлдіршін қатысқан ҚХА-ның қайырымдылық шыршасы өтті

Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.


Ұйымдастырушылар жаңа жылдық қайырымдылық шырша барсыныда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға көмек көрсетіп, сондай-ақ оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Достық үйінің концерт залында өткен шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Олардың арасында танымал продюсер Алпамыс Шәрімов, жайдарманшы Ғалым Махамбетов пен ұлы Расул да болды. Аяз ата мен Ақшақар, Микки Маус пен Гринч, Миньон және Темір адам бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар көрсетіп, бүлдіршіндерді ерекше әсерде қалдырды. Арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да кештің сәнін аша түсті.


Мереке соңында әр балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, қайырымдылық шыршасы «ОСК Стройсервис» ЖШС бас директоры, елордалық «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы Төрағасының орынбасары Даут Генхузовтың демеушілігі арқасында өтті.


Кейін қарай