15 Ақпан, 2022
471
Елордада ANK live тікелей эфирінде сарапшылар пікірі тыңдалды
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Заманауи Қазақстандағы әскери-патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері» тақырыбында ANK live тікелей эфирінде сарапшылар пікірі тыңдалды.⠀
Тікелей эфир қонақтары Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант Владимир Божко, «Нұр-Сұлтан қ. Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ төрағасының кеңесшісі Т.Солтыбаев және ҚР Қарулы күштерінің генерал-майоры Владимир Шацков өздерінің еңбек жолдары туралы, соның ішінде ел қауіпсіздігінің мақсаттары мен әскери патриоттық тәрбие жөнінде әлеуметтік желі кеңістігіндегі оқырмандарға кеңінен баяндады. Эфир қонақтары Қазақстан тәуелсіздігін бекем етудегі рөлінің ерекше екендігін атап өтіп, жемісті еңбектерін жан-жақты саралады.
Тікелей эфир барысында сөз алған Бақытжан Ертайұлы ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, әскери қызметкер ретінде тәжірибелерін бөлісе отырып, мектептерде алғашқы әскери дайындық сабақтарын қайта жандандыру арқылы жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп ғана қоймай Отан үшін, оны қорғау үшін жауапты екенін сезіндіретін баса айтты.
Өз кезегінде сөз алған Владимир Карпович еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді шешу кезеңдерінде жауапкершілікті сәттерімен бөліссе, Талғат Қадырбекұлы Ауғанстандағы қызмет кезінде көз алдында өткен әріптестерінің ерліктерін шексіз ықыласпен жеткізе отырып, қазіргі уақытта балаларға еліміздегі батырлардың тарихын көбірек насихатталуы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, ҚР Қарулы күштерінің генерал-майоры Владимир Александрович ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын жоғары бағалап, еліміздің қорғаныс саласын дамыту бойынша тәуелсіз Қазақстанға елеулі еңбек сіңірген барша әскерилерге ізгі лебізін білдірді.
Жалпы тікелей эфир барысында сарапшылар әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын бере отырып, тәуелсіз Қазақстанның даму ерекшеліктері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үлесі, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбилеу мәселелері жөнінде пікірлер кеңінен талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті
-
«Әркім маңызды сұрақтарға жауап таба алады»: Алматы сарапшылары Мемлекет басшысының сұхбаты туралы
-
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті
-
Елордада Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
20 Маусым, 09:33
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті
-
«Әркім маңызды сұрақтарға жауап таба алады»: Алматы сарапшылары Мемлекет басшысының сұхбаты туралы
-
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті
-
Елордада Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді