Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қазан, 2023

466

Елордада «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтеді

2023 жылғы 19 қазан сағат 17:00-де Астана қаласының Оқушылар сарайындаҚазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтеді.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, республикалық және өңірлік мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, меценаттар, психолог және педагог-зерттеушілер қатысады.

Форумның мақсаты – 2023 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық саласындағы қызметін қорытындылау үшін бірыңғай алаң ұйымдастыру және дарынды инклюзивті балаларды қолдау.

Форумда жыл қорытындысы бойынша қайырымдылық саласына қосқан үлесі және ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапаттау көзделіп отыр.

Форум аясында «Инклюзивті білім беру – ерекше балаларды өмірге бейімдеудің басты құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Алаңда қазақстандық мамандардың инклюзивті және арнайы білім берудегі инновациялық әдістемелерінің практикалық кейстері таныстырылады. Ым-ишара тілін қолдану, көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу, ата-аналарға, педагогтарға және ҮЕҰ-ға әдістемелік көмек көрсету мәселелері қаралатын болады.

Сонымен қатар, іс-шарада Қазақстанның түрлі өңірлерінен ерекше қажеттіліктері бар балалар концерттік және шығармашылық нөмірлермен өнер көрсетеді.

Кейін қарай