06 Шілде, 2016
1089
Ералы Тоғжановтың этномәдени бірлестіктермен кездесуі
2016 жылғы 5 шілде күні қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша екі күндік өңірлік семинар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өтті. Кездесу барысында Е.Тоғжанов еліміздің маңызды саяси оқиғасы – Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын «Дауыс беруге қатысқан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 138-і Қазақстанды қолдағаны Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік саясатының зор құрметке лайықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді», - деп атап өтті. Сонымен қатар ұлттық бірлік доктринасында белгіленген міндеттерге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы жұмыс жоспары жайлы сөз қозғап, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен меморандумға қол қойылуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысының қоғамдық келісімді нығайтудағы көп қырларды қамтып отырғанын айтты.
ҚР Кәрістер қауымдастығының өңірлік филиалының басшысы К.Цхай мен облыстық армяндар қауымдастығының басшысы Г.Тертерян Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиға жайлы өз ойларын тарқатып, қоғамдағы біртектілік пен келісімді сақтаудың алғышарттарын ұсынды.
Кейін ҚХА «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек Е.Тоғжановқа Ақтөбе облысының ұлы тұлғалары жайлы кітапты сыйға тартты.
Кездесу соңында Ералы Лұқпанұлы кездесу қорытындысы бойынша өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-не тапсырмалар беріп, «Оксана» украин этномәдени бірлестігін 20-жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
тел.: 8-7132-55-83-42
e-mail: kogamdykaktobe@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени орталығының активімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті