07 Желтоқсан, 2015
785
Этномәдени бірлестік мүшелері футболдан сынға түсуде
Ақтаудағы этномәдени бірлестік мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай футболдан өзара бақ сынасуда.
Ақтаудағы этномәдени бірлестік мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай футболдан өзара бақ сынасуда.
Дүбірлі доданы Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Амангүл Джайлханова мен этномәдени бірлестік төрағалары сөз сөйлеп ашып берді.
Іс-шараның ащылу салтанатына ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина өз сөзінде: «16 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні бізге маңызды болып саналады. Ол кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан жарысымыз осы айтулы күнді ұмытпай, ұлықтауға арналады»,-деді.
Іс-шараға қатыстқан Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Амангүл Джайлханова барша қатысушыларға сәттілік тіледі. «Этномәдени бірлестіктер арасында ұйымдастырылып, отырған бұл футбол - Қазақстан халқының бірлігін нығайту, этностар арасындағы достықты арттыру және жастарға салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізіліп отыр. Барлығыңызға сәттілік тілеймін»,- деді ол.
Айта кетсек, футбол ойынының қорытындысы 16 желтоқсан күні белгілі болады. Шара барысында жүлделі орын алғандар мен қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтар және алғыс хатттармен марапатталады.
16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай футболдан сынға түсіп жатқан этномәдени бірлестік тізімі:
1. «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі
2. «Самур» лезгин этномәдени бірлестігі
3. «Сакартвело» грузин этномәдени бірлестігі
4. «Дағыстан» дағыстан этномәдени бірлестігі
5. «Видергебурт» неміс мәдени орталығы
6. «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігі
7. «Русское землячество» этномәдени бірлестігі
8. «Пахтакор» өзбек этномәдени бірлестігі
9. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі
10. «Алан» осетин этномәдени бірлестігі
11. «Булгар» татар этномәдени бірлестігі
12. Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігі
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты