Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Ақпан, 2017

819

Этномәдени бірлестіктерінің кәсіби және кәсіби емес медиаторларының өзара қарым-қатынастарының тиімділігі

Алматы қаласының Достық үйінде 2017 жылғы 11 ақпанда республикалық әдістемелік медиация кабинеті «Қазақстандық дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Этномәдени бірлестіктерінің кәсіби және кәсіби емес медиаторларының өзара қарым-қатынастарының тиімділігі» тақырыбында кездесу өткізді.

Ұйымдастырушылар республикалық әдістемелік медиация кабинеті және  «Қазақстандық дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігі.   

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Кездесу барысында іс-шара ұйымдастырушылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

«Жаңа жолдау Ұлт көшбасшысы – Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның қарқынды даму үстіндегі, саяси жүйедегі  терең трансформациясынын, барлық қоғам өмірінің кезең-кезеңімен жаңартылудағы біздің отанымыз үшін кешенді бағдарламасы», - деді өз сөзінде  «Қазақстандық дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.В. Войнце.

Кейін қарай