22 Желтоқсан, 2016
1061
«Этносаралық жағдайдың мониторингі, бағалау және болжау» семинар-тренингі
«Бейбітшілік пен келісім – мемлекет дамуының кепілі» - бұл Қазақ елінің ұстанымы. Іс-шараны Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты - этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты насихаттау.
«Қазақстанның Этносаралық қарым-қатынас тақырыбын кездейсоқ алған жоқпыз. Себебі биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Яғни, осы жылдар ішінде еліміздегі бейбітшілік пен келісім мемлекет дамуының басты жолына айналды», - деді өз сөзінде Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева.
Өңірдегі әлеуметтік зерттеулердің IV-тоқсан бойынша этносаралық жағдайларды бағалау нәтижесі мен өңірдегі басты этносаралық жағдайлар көрсеткіші жайына ҚХА ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Парида Мамедова тоқталып өтті. Ал «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшысы Зарина Кулиева фокус топтық зерттеулер жүргізудің таныстырылымы жайында семинар-тренинг өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдарына контент-анализ жүргізу, әдістер және ұсынымдар туралы «Қоғамдық келісім» КММ жетекші-сарапшысы Альбина Тапаева түсіндіріп өтті.
Жиын соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті