Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Ақпан, 2015

2039

Этносаяси сөздіктің таныстырылымы

2015 жылдың 3 ақпан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көш., 116, «Сұхбат» залы) Этносаяси сөздіктің таныстырылымы өтеді. 

2015 жылдың 3 ақпан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық көш., 116, «Сұхбат» залы), Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен баспаға дайындаған Этносаяси сөздіктің таныстырылымы өтеді. Таныстырылымға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Надежда Нестерова, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ғалымдар мен ҚХА сарапшылар қауымдастығы, этносаяси сөздіктің авторлар ұжымы мен редакциялық алқа мүшелері, этномәдени бірлестіктер, БАҚ қатысады. 
Шарада таныстырылатын баспа өнімі, этносаяси салада, ғылыми жарияланымдарда, БАҚ бетінде белсенді қолданылатын терминдердің мән-мағынасы ашыла түсетін анықтамалық құрал іспетті. Сөздікте қазақ және орыс тілдеріндегі 400-ден астам сөз жинастырылған. Сөздікпен жұмыс істеу нәтижесінде этносаяси терминдер сұлбасы түзіліп, қолданыстағы терминологиялық қор жүйеленді; іріктелген терминдерді түсіндіру жағы қалыптасып, терминдер арасында жүйелі қарым-қатынас орнатылды; жаңа терминдерге көңіл бөлінді. Тиісті еңбек гуманитарлық ғылым мамандарына, ғалымдар мен сарапшыларға, мемлекеттік қызметкерлерге және этносаралық қарым-қатынас саласына қызығушылық танытатын кең ауқымды оқырмандар тобына арналған.  Таныстырылым қорытындысында ҚХА ҒСК мүшелері мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлерінің ғылыми еңбектері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы ҚХА Депозитариіне салтанатты түрде табысталады.

 

***

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Мемлекет басшысының 2014 жылдың 17 шілдесіндегі №837 Жарлығы арқылы құрылған. Мекеменің құзырына материалдық-техникалық, ғылыми-сарапатмалық, ақпараттық және талдамалық сүйемелдеуді, этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктермен жұмысты және де ҚХА шараларын ұйымдастыру мен өткізуді қосқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету кіреді. 

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі 
74-12-15, 741246, +77077051211, +77013105358
E-mail: sluzhba.nes@mail.ru; smagulov_amangeldy@mail.ru

 

 

 

Кейін қарай