
31 Қазан, 2016
881
Фаат Китаевты еске алуға арналған турнир
28-29 қазан күндері Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда облыстық татар этномәдени орталығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірігіп Фаат Китаевты еске алуға арналған жеңіл атлетикалық көпсайыстан турнир өткізді.
Іс-шараға қызығушылық білдірген әртүрлі жастағы спорт жанкүйерлері қатысты. Жарыс үш жас ерекшелігі бойынша өтті. Жасөспірім ұл-қыздармен бірге ардагерлер де қатысу мүмкіндігіне ие болды. Балалар мен жасөспірімдер спринт 60 м, қашықтыққа жүгіру – 500-1000 м, ұзындыққа секіру және кіші допты лақтырудан сайысты. Ал ардагерлер 60, 500 және 1000 метрге жүгіріп, ұзындыққа секіріп қана қоймай, күштік гимнастика мен белтемірде тартылудан бақ сынасты.
Спортты серік еткен көп жылдар бойы Ғани Мұратбаев атындағы стадионның директоры болған керемет қасиеттерге ие білікті басшыны қызылордалықтар жақсы таниды. Ф. Китаев РФ Татарстандағы Тельман қаласында дүниеге келген. 1930-1937 жылдар аралығында отбасымен Қызылордаға қоныс аударған. Еңбек жолын 16 жасында мемлекеттік кемелер мекемесінде бастады. Кеңес армиясы сапында борышын өтегеннен соң Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педогогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасында 10 жылдай оқытушы болды. Мотоспорт және жеңіл атлетикамен жүйелі түрде шұғылданды. Сыр өңіріндегі велоспорттың негізін қалаушылардың бірі. Ф. Китаев дене тәрбиесі кафедрасында қызмет атқарып жүріп, жас өрендерді велоспортқа баулыған.
Турнирдің ашылу салтанатында Фаат Хамитұлының жұбайы Роза Китаева сөз алып, оның жасаған игі еңбектерін, оның біліктілігі мен жұмысқа деген ыждаһаттылығын айтып өтті.
Бұл кісінің жетістіктері жетерлік. Соның ішінде, ерекше айтып өтетіні, ол ҚР халықтарының бірінші спартакиадасына Елбасы Н. Назарбаевтан шақырту алған өңірдегі бірден-бір ардагер. Астанада өткен салтанатты іс-шарада Фаат Хамитұлына Елбасымыз алтын сағат тарту етті. Құрметті қонақ ретінде бірқатар ірі жарыстардың куәсі болды, соның ішінде 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадаға да барды. Оның есімі 2001 жылы Тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығы қарсаңында шыққан «Қарттарым-асыл қазынам» кітабына және 2005 жылы «Сыр елі» энциклопедиясына енді.
«Фаат Хамитұлы темірдей тәртіпті сүйетін. Жұмысқа ерекше жауапкершілікпен қарайтын. Мәселен, ол Қазақстанда бірінші болып жасыл алаңды қыста қалай сақтаудың жолын ойлап тапты. Бұл мәселе сол жылдары Қазақстан үшін ең өзекті мәселелердің бірі болатын. Стадионның қосалқы алаңы мен жеңіл атлетикаға арналған сапалы жолақтың салынуына да тікелей атсалысты», - деп еске алды турнирді ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар.
Екі күнге созылған турнирдің нәтижесі бойынша жеңімпаздар диплом, кубок, сонымен бірге Фаат Китаев атындағы алқа белгісін иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
350 ОҚУШЫ ҚХА-НЫҢ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖИЫНТЫҚТАР МЕН НОУТБУКТЕР АЛАДЫ
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
350 ОҚУШЫ ҚХА-НЫҢ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖИЫНТЫҚТАР МЕН НОУТБУКТЕР АЛАДЫ
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті