08 Ақпан, 2020
1299
Геннадий Шиповских, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты: "Бірлігімізге сызат салмайық!"
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған кешегі жәйт өзекті өртейді. Сол келеңсіздікте қаза болған жандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен барлық қазақстандықтарды сабырлыққа шақырғым келеді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мәлімдеме жасағанын білесіздер. Бұл оқиғаға қатысты кінәлі тұлғалар анықталып, заңға байланысты өз жазаларын алатын болады. Арнайы комиссия құрылып, бұл жайсыздықты толық бақылауда ұстап, өз шешімдерін шығармақ. Еліміздің басты байлығы – ұлттар бірлігі екенін ұмытпайық, Елбасының бейбітшілік пен татулықты ту еткен саясатының арқасында осындай бейбіт күнді кешіп келеміз емес пе?!
Ел бірлігінің сақталуына, дәріптелуіне Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосып жатқан үлесі бар. Осы секілді оқиғаларды тудыратын арандатушыларға жол бермеуіміз керек. Еліміздің айрандай ұйыған ауызбіршілігін бұзуға мүмкіндік бермеуіміз қажет.
Барлық қазақстандықтарды сабырлы болуға шақырамын. Осы жағдайды ескере отырып, қайта орын алмауының барлық амалдарын жасауға тиіспіз.. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, бірлігімізді, бейбітшілігімізді бұзушылардың, ел ішіне іріткі салушылардың арам пиғылын кесе көлденең кесіп отырған абзал. Тәуелсіз Қазақстан шаңырағының астында қазақ, өзбек, орыс секілді жүзден аса ұлт-ұлыстар баянды ғұмыр кешіп келеді.
Ол біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы! Сол себепті арандатуға ермей, барынша сабырлы бола білейік!
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді