Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2022

527

Игі істер айы

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық, жомарттық секілді игі қасиеттер аса маңызды. Бұл игілікті айда қайырымды жандар көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрестіп, қайырымдылық жасап жарысады.


Қайырымдылық – Жамбыл облысы ҚХА қызметінің ажырамас бөлігі. Қандай мейрам, мереке, іс-шара болмасын облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері әрқашан қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып отырады.

Жуырда «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының меценаттары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Жамбыл облысының 5 ауданы мен Тараз қаласына қайырымдылық жасалды. Атап айтсақ, Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандарында және облыс орталығында тұратын мұқтаж жандарға жалпы сомасы 2 млн.теңгеге 140 азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық көмек аяқталған жоқ. Өңірлік ассамблеяның мұндай игі істер болашақта да жалғасын табады.

Кейін қарай