
18 Тамыз, 2021
588
«Індеттен құтылудың ең дұрыс жолы – вакцина салдыру»
«Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ»
Бүкіл әлемді қыспаққа алған Covid-19 біздің мемлекетті де айналып өткен жоқ. Мемлекеттің байлығы – халқы, ал халықтың байлығы – денсаулық. Әрбір қазақстандық өзін және ұрпағының денсаулығын ойлауға тиісті.
Әлеуметтік желілерде «вакцина алғандардың болашағы бұлыңғыр, оларға келетін қауіп бар» деген сияқты өсек-аян тарап жүр. Бұл вакцинаға қарсы ұйымдастырылған жұмыстардың бірі деп білемін. Өзім және жолдасым алғашқылардың бірі болып, сәуір айында вакцина алдық. Соның арқасында әйелім ауырғанмен, бір жетінің ішінде аяқтан тұрып кетті. Ал жұрттың айтқандарына сеніп, вакцина алудан қашқан көршілеріміз сырқаттанып, әлі толық жазыла алмай жүр.
Вакцина алуды тездеткеніміз жөн. Келешекте біз вирус тасымалдаушыға айналмауымыз керек. Мемлекет ешқашан өз халқына жамандық ойламайды. Осыны естен шығармаған дұрыс!
Икрам Хашимжанов,
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек ЭБҚ төрағасы
«Індеттен құтылудың ең дұрыс жолы – вакцина салдыру»
Әлемнің дамыған, озық елдері бұл үрдісті әлдеқашан бастап кетті. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та егілудің маңыздылығы жайында өте орынды сөздер айтқан болатын. Бұл мәселеге бей-жай қарамай, бүкіл ел болып, егілген дұрыс деп ойлаймын. Мен өзім былтыр ауырып шығып, денемде антиденелер қалыптасқанмен, биыл қосымша егілдім. Қазір мен басқаратын «Металлпром» ұжымы, отбасы мүшелерім, бәріміз егілдік. Мемлекетіміз тегін ұсынып отырған вакциналарды алсақ, бұл індетті жеңіп шығатынымызға сенемін.
Абдухалил Долкунтай,
Алматы қаласының Қазақстан ұйғырларының
республикалық этномәдени орталығы филиалының
төрағасының орынбасары
«Бұл дауасыз дертті тек вакцинамен ғана тоқтатамыз»
Осы мәселені ендігі жерде талқылаудың өзі артық. Адамзаттың коронавирусты зерттей бастағанына 1,5 жылдан енді асса да, генетикалық құрылымы, шифрі құпияларының жұмбағы енді анықталды. Қалай күресуге, алдын алуға болатыны да белгілі. Обыр ісігі немесе АИТВ вирусымен салыстырғанда, коронавирустың өміршең еместігі, оның адам ағзасына қонақтайтын уақыты шамамен 3 апта екені де ғылыми негізде жүйеленіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың, үлкен қаржылық және адами ресурстардың нәтижесінде өндірістік айналымға жіберілді.
Бізде вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ғылыми және клиникалық деректер жеткілікті. Ауырған және вакцинаның толық курсынан өткен адамдар КВИ-ге қарсы ең жақсы иммундық қорғанысқа ие екендігі айтылып жатыр. Ақпан айында жаппай вакцина басталған кезде медицина қызметкерлері вакцинаға алаңдаушылық білдірді. Кейіннен көп елдерде жанама әсер болмағанын көрді. Қазір адамдардың сенімі пайда болды. Бұл ел арасында алыпқашпа қауесеттен туған негізсіз әңгімелерге нүкте қоюы тиіс еді. Бірақ олай болмай тұр. Індеттің алғашқы кезеңдерінде инфекция егде адамдарға аса қауіпті деген пікір басым еді. Қазір коронавирус күн өткен сайын жасарып барады.Тіпті бесіктегі бөбектерден де дерт белгісі табылғаны – қауіптің басы. Дертті вакцина ғана тоқтата алатыны, бұдан басқа жол жоқ екенін түсінетін кез жетті.
Абайдулла Жапаров,
Алматы қаласының Қазақстан ұйғырларының республикалық
этномәдени орталығы филиалының төрағасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті