18 Маусым, 2016
786
Іскерлік құзыреттілікті арттырды
Жамбыл облысының аудандық ішкі саясат бөлімдерінің барлығында дерлік жаңа штаттық бірлік – этносаралық қатынастар мәселелері бойынша маман және аудан орталықтары, үлкен ауылдар мен кәсіпорындарда қоғамдық келісім кеңестері пайда болды.
Олардың өзара іс-қимылы мен негізгі бағыттары қандай? Осы сұрақ аясында 7 маусым күні Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-эксперттік сүйемелдеу бөлімі аудандық қоғамдық келісім кеңестері төрағалары мен ішкі саясат бөлімі мамандарына бір күндік ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинар тақырыбы: «Этносаралық ахуалды мониторингілеу: әдіснама, талдау, болжау».
Оқыту іс-шараны аймақтық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева құттықтау сөзбен ашты. Қоғамдық келісім кеңестері төрағаларының жастары біршама ұлғайғанына қарамастан, аудитория студенттер отырған білім ошағына айналғандай – семинарға қатысушылардың барлығы әрбір айтылған маңызды нәрселерді конспектілеп отыруды да ұмытпады.
«Н.Назарбаев. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі», «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихы мен даму перспективалары», «Қазақстандық бірліктің дамуы мен нығаю тұжырымдамасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы (2025 жылға дейін)» атты анықтамалық тақырыптарды өз баяндамаларында «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшылары Зарина Кулиева, Альбина Тапаева, Дулати атындағы ТарМУ «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов кеңінен ашып өтті.
Семинар ұйымдастырушылары негізгі уақытты оқытудың тиімді әдістеріне: тренингілер мен іскерлік ойындарға бөлді. Бірінші тренингті Зарина Кулеева аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар мен ҚХА құрылымдарының, азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимыл механизміне арнады. Аудандық қоғамдық келісім кеңестері төрағалары мен ішкі саясат бөлімі мамандарының этносаралық қатынастарды сараптау және болжау, полимәдени ортадағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына өз тренингін «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Лариса Лысова арнады.
Семинарға қатысушылар «ҚХА-да жаңа бағыт-медиация» тақырыбына аса көңіл бөліп, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының басшысы, кәсіби бітімгер және жаттықтырушы Лариса Сафонова мен оның көмекшілері кәсіби бітімгер Мусир Құрманғазы мен «Қоғамдық келісім» КММ бітімгерлермен жұмыс істеу менеджері Валентина Досыбиевалар жүргізген тренингке белсенділікпен қатысты. «Қоғамдық клісім» КММ баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Тажиева аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында этносаралық қатынастар мен этномәдени бірлестіктердің атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын жариялау барысы туралы мониторингімен таныстырып өтті. Аймақтық ҚХА белді мүшесі, апталық «Магнолия» газетінің тілшісі Михаил Бунин семинарға қатысушыларға баспасөз парақтарын дайындауға арналған ұсыныммен таныстырып өтті.
Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми-экперттік топ төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедованың «Этносаралық қатынастар мониторингісінің әдіснамасы» тақырыбында сөйлеген сөзі семинар жұмысының өзегіне айналды десе де болады. Теориялық және тәжірибелік дағдылармен қоса, семинар қатысушыларына қажетті әртүрлі үлестірмелі материалдар мен сыйлыққа «Этносаяси сөздік» таратылды. Аталған семинар ұйымдастырушылары мен қатысушылардың пікірінше аудандық қоғамдық келісім кеңестері төрағалары мен ішкі саясат бөлімі мамандарының іскерлік құзыреттілігін арттыру жолындағы ортақ мақсатқа жеткізетін семинар болды.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз - қызметі
Ұқсас жаңалықтар
9 Қыркүйек, 12:24
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
9 Қыркүйек, 16:49
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кездесуі өтті
10 Қыркүйек, 08:32
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
11 Қыркүйек, 17:08
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
13 Қыркүйек, 15:04
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ төрағасымен кездесуі өтті