11 Шілде, 2017
1192
«Иван Купала» мерекесі тойланды
Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Грамада» белорус этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Иван Купала» атты мерекелік іс – шара өткізілді.
Мерекеге облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжаов, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Ғайса Қапақов, «Грамада» белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы - Вячеслав Беляев және басқа да этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Бұндай мерекелік іс – шаралар «Этностар күндері» аясында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен үшінші жыл өткізіліп келеді. Мерекеде этномәдени бірлестіктер өз халқының әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлерімен түрғындарды жақынырақ таныстырды. Мерекеде сөз сөйлеп Орал қаласының әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, мерекенің мақсаты – барлығымызға ортақ - Қазақстан Республикасында ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолында Қазақстанда тұратын әр ұлттың мәдениетін, дәстүрін жұртшылыққа насихаттауда Ассамблеяның ісі зор, әрқашанда осылай бірге тойлап, аспанымыз ашық, балалрымыздың болашағы жарқын болсын», - деді.
«Иван Купала» Шығыс және Батыс славяндарының мерекесі деп саналады. Бұл мерекені ескі дәстүр бойынша барлық Еуропа елдерімен мен Ресейде атап өтеді. Бұл жазғы түн сиқырлы қасиеттерге толы, ең «қуатты» түн болып саналады. Осы түннің басты күштері болып - от, су және шөп саналады. Мереке салт - дәстүрге толы ойындармен, көріністерімен өткізілді.
Су перісі, жалмауыз кемпір, қыздардың қараңғы түсе суға бастарындағы гүл шоқтарын жіберіп өздерінің болашақ жарларының қай жақтан болады деп болжауы, оттан секіру сияқты ойын сауықтары өте әсерлі шығып қонақтарға ұнады.
Зульфия НАБИУЛИНА
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы