Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Желтоқсан, 2016

955

«Иверия» этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті

25 желтоқсан күні Атырау облысының Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде  «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған есеп-беру концерті өтті.

Зал ұлттық әндер, билер, өлеңдер және музыкалық аспаптардың дыбыстарына толды. Жастардың өнері ешкімді бей-жай қалдырмады. Олар қазақ, орыс және грузин тілінде әсерлі шығармалар орындады. Өз өнерлерін көрсету арқылы балалар келген қонақтарды грузин халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстырды.

Іс-шараға келген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Шакірова Г. және  «Қоғамдық келісім»  КММ-нің басшысы Аман-Турлина Т.Ө. қатысушыларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтай келе «Иверия» ансамбіліне алғыстарын білдіріп, мерекелік  торт сыйлады .

Ал «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Бобохидзе З.Г. барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

***

 «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі 2003 жылы құрылды Олар он үш жыл бойы Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін іс-шараларға белсене қатысты.

2012 жылы «Иверия» атты балалар би ансамблі мен хор құрылды. Олар облыста өтетін барлық мәдени іс-шаралар мен республикадағы халықаралық фестивальдарға белсене қатысып, лауреат атанып, талай марапаттарды иеленген.

Ансамбль 2016 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен Келісімнің 25 жылы» атты этномәдени фестиваліне де қатысты.

Кейін қарай