Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Тамыз, 2015

1332

«Көңілді балалар» ұлттық спорттық конкурсы

2015 жылғы 14 тамызда Маңғыстау облысы «Алау» пионерлер лагерінде  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасының «Көңілді балалар» ұлттық спорттық конкурсы өтті.

2015 жылғы 14 тамызда Маңғыстау облысы «Алау» пионерлер лагерінде  Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасының «Көңілді балалар» ұлттық спорттық конкурсы өтті.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.

Конкурс барысында балалар арасында көптеген қызықты жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. Шараға лагерде демалушы балалардың барлығы атсалысып, қызыға қатысты.

«Көңілді балалар» конкурсының қонағы, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы А.Торегалиева өз сөзінде  Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформасын іске асыру аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіріп, «Мың бала» жобасының мән-мағынасына тоқталды.

Балалардың шаттық күлкісі мен қуанышына толы іс-шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлақтармен марапатталды. Сондай-ақ, спорттық ойынның өтуіне үлес қосқаны «Алау» лагерь қызметкерлері мен іс-шараны ұйымдастырушыларға Алғыс хат тапсырылды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

  

  

  

Кейін қарай