
22 Тамыз, 2016
1198
«Көңілді мәре» спорттық жарысы
Спорт күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланады.
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі және Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында спорт күні мерекесіне арнап, 20 тамыз күні облысымыздың өзге ұлт жастары арасындағы «Көңілді мәре» спорттық жарысы өткізілді.
Жиналған жастар үш командаға бөлінді. Бірінші команда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» атымен сайысқа шықты, екіншісі – «Жас қанат», үшіншісі – «Самур» лезгин ЭМБ деп аталды.
Командалар түрлі спорттық ойындарында жарысты: секіргішпен секіру, жылдамдыққа жүгіру, арқан тарту, үстел теннисі және т.б.
Осындай іс-шаралар болашақ ұрпақты ынтымақтастыққа, достыққа, төзімділікке, бір командада жұмыс жасап білуге үйретеді.
Іс-шара соңында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, оларға командалық бірлікті тек қана спортттық жарыстарда емес, өмірде де сақтай білуді тіледі. Сондай-ақ, белсенді жастарды мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің белсенді мамандарына алғыс хаттарын табыс етті.
Шығармашылық топтар қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлап, іс-шараны концерттік бағдарламамен аяқтады.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ақсақалдар кеңесі "Тоғызқұмалақ" қалалық жарысын ұйымдастырды
-
МЕРКІДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
-
Атырауда «Sport unites» атты жастар арасындағы спорттық фестиваль өтті
-
Сыр өңірінде «Көңілді тапқырлар» интеллектуалды сайысы өтті
-
Қарағандыда ҚХА мүшелері шаңғы жарысына қатысты
-
Ақтау: Ерекше тұлғадағы балаларға арналған футбол мен теннистен шеберлік сыныптары
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ақсақалдар кеңесі "Тоғызқұмалақ" қалалық жарысын ұйымдастырды
-
МЕРКІДЕ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ
-
Атырауда «Sport unites» атты жастар арасындағы спорттық фестиваль өтті
-
Сыр өңірінде «Көңілді тапқырлар» интеллектуалды сайысы өтті
-
Қарағандыда ҚХА мүшелері шаңғы жарысына қатысты
-
Ақтау: Ерекше тұлғадағы балаларға арналған футбол мен теннистен шеберлік сыныптары