Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2021

324

Қарағандыда ҚХА мүшелері шаңғы жарысына қатысты

Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Достық» қытай этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шаңғы жарысы – 2021» өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық шарада эномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге облыстық «Жаңғыру жолы» штабының жастары ерекше белсенділік танытты.

- Бұл достық жарысын біз еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнадық,-дейді жарыстың ұйымдастырушысы, облыстық ассамблеяның мүшесі Петр Ян-Де-Си.

Жарысқа қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.


Кейін қарай