Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Ақпан, 2024

94

Көкшетауда Қайрат Баймолдинов ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті

Көкшетау қаласының Достық Үйінде ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов өңірдің Ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Кездесу аясында Қайрат Баймолдинов аймақтағы ҚХА-ның қызметімен, жоспарлары және іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Өз кезегінде спикер Хатшылықтың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы, атап айтқанда, Ассамблеяға жастарды тарту жөніндегі жұмысты күшейту мақсаттары және жалпыұлттық бірлік пен этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған ақпараттық жұмыс форматтары жайында айтып, сондай-ақ қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

ҚХА ЭКО және құрылымдарының басшылары балабақшалар мен білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді ілгерілетудің, әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің, жастарды кәсіптік бағдарлаудың, «Мектеп Ассамблеясы» қозғалысын жандандырудың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар енгізді.


Кейін қарай