Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Ақпан, 2021

1905

Көкшетауда ҚХАА Ғылыми-сараптамалық топ отырысы болды

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың отырысы өтіп, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

ҒСТ төрағасы Ардақ Қапышев өз сөзінде сарапшылар ғылыми жұмысында «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі әзірлеген этносаралық қатынастар саласындағы төрт базалық жоба - жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени тұрғыдан танымал етуге, «Көпэтникалық Қазақстан: этномәдени генезис» және медиация институтын дамытуға назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Бұдан әрі «Қоғамдық келісім» КММ осы жобаларды іске асыру бойынша барлық қажетті материалдарды ҒСТ мүшелеріне қосымша жолдайтынын айтты.

Жоспарды талқылау барысында отырысқа қатысушылар өздерінің ескертулері мен толықтыруларын енгізді. Жалпы, ZOOM платформасында консультативтік-аналитикалық органның қызметін жандандыру, этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша облыстық ассамблея қызметін сараптамалық сүйемелдеудегі оның рөлін арттыруға ғалымдар қызығушылық танытқан келелі әңгіме орын алды.

Кейін қарай