Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2021

248

Көкшетауда тіл саясаты мәселелері талқыланды

Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылады. Талқылауға этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Өз сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғманов ҚР Президентінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында тіл мәселесіне тоқталып өтті.

«Санги Кабуд» Тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы У. Ф. Шоназаров, Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы Р.С. Сулкарнаев, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М.Қойшин модераторды қолдап, этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуі бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Кездесуде қазақ тілін оқыту әдістемесіның сапасын жақсарту, мемлекеттік тілді оқыту бойынша ұсыныстар айтылды.


Кейін қарай