
09 Желтоқсан, 2021
474
Көкшетауда өткен дөңгелек үстелде медиация тақырыбы қозғалды
«Қоғамдық келісім» КММ «Медиация – ата-бабаларымыздың билер институтының жалғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған судьялар, кәсіби медиаторлар, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «Құқық» кафедрасыны оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шараны ашқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғманов қазіргі медиация қазақ даласындағы адамдардың құқықтық қатынастарын реттейтін билер институтының тарихи жалғасы екенін атап өтті. Осылайша, медиация Қазақстан үшін тарихи қалыптасқан институт, ғасырлық құқық қолдану тәжірибесі болып табылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, медиация дауларды баламалы реттеу тетігі ретінде сот жүйесіне жүктемені азайтуға, азаматтық істерді қараумен айналысатын судьялардың жұмысына көмектесуге бағытталған.
Медиаторлардың жұмысын 2011 жылы қабылданған "Медиация туралы" заң реттейді, алайда медиация үшінші, бейтарап тараптың қатысуымен дауларды баламалы реттеудің жаңа нысаны ретінде өзін тиімді көрсете алмай келе жатыр.
-Медиацияның артықшылығы - ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жанжалды жағдайды бір күн ішінде шеше алады, ал сот бұл азаматтық істі 4-6 ай ішінде қарайтын болады, - деп атап өтті өз сөзінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Айсұлу Жұматова.
Спикерлер бүгінде соттар ажырасу, жер даулары, әлеуметтік және еңбек дауларын қарастырумен айналысады дейді. Бұл жерде судьялар корпусына сөзге шешен, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі бар кәсіби және қоғамдық медиаторлар көмектесе алады.
- Медиаторлар үшін оқыту семинарлары мен курстарын өткізу қажет,- деп атап өтті Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінің «Құқық» кафедрасыны доценті Мырзаханова Маржан. Оның сөзін әріптесі, кафедра дәріскері Хаббдуллин Арман жалғастырды, ол Ассамблеяға жоғары оқу орындарымен бірлесіп медиация бойынша мамандар даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, ал облыстық сотқа судьялардың, медиаторлар мен сарапшылардың қатысуымен конференция өткізуді ұсынды.
-Азаматтық, отбасылық және өзге де дауларды шешуде медиация институтының артықшылықтарын халық арасында көбірек түсіндіру қажет, - деп атап өтті кәсіби медиатор, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрағасы Нұржанова Жәмиля.
ҚХА мүшесі, "Вайнах" шешен-ингуш қоғамының төрағасы Яндиев Герихан өз сөзінде этномедиацияны дамыту, яғни медиацияны этносаралық қатынастар саласында қолдану туралы айтты.
Пікірталасқа студенттер, болашақ заңгерлер де қатысып, олар жоғары оқу орындарында медиацияның барлық бағыттары бойынша мамандар даярлауды, ал оқу орындарының базасында медиация кабинеттерін ашуды ұсынды.
Жалпы, дөңгелек үстелге қатысушылар медиация институтын дамыту, көпшілікке тарату керек деген пікірде болды, ол азаматтарға қоғамдық өмірдің барлық салаларында даулар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар