09 Сәуір, 2016
949
Көкшетаудағы ЭМБ өкілдерімен кездесу
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева өзінің Ақмола облысы бойынша жұмыс сапары барысында Көкшетаудағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Бүгінгі күні Ақмола облысында 100-ден астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүруде. Оның ішінде өз халқының мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін насихаттап, дамытумен айналысатын облыс бойынша 41 этномәдени бірлестік тіркелсе, оның жиырмаға жуығы Көкшетау қаласында орналасқан. Бүгінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанынан ғылыми-сараптамалық орталығы, Аналар кеңесі, журналистер клубы, мектепке дейінгі балалар қауымдастығы және жастар ұйымы, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі және ұлттық-қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы құрылып, жемісті еңбек етуде.
Кездесу барысында вице-премьер этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып, қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесін аралады. «Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда еліміз әлемдік қоғамдастықта тұрақтылық, бейбітшілік және түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Бұған әрине, Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік. Бейбітшілік пен тұрақтылық біздің ортақ тілегіміз» десті кездесу барысында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге жиналған қауым өкілдері.
Вице-премьер жергілікті этномәдени бірлестіктердің жұмысына назар аудара келе, елімізде халықтар арасындағы мызғымас достық пен түсіністікті нығайтуда қолға алынған шаралар туралы баяндады.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35